Астанада Диснейленд салынбайтын болды

Арман Қайыпхан

  • 08.04.2025

Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев 2025 жылғы 8 сәуірде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Астанада Диснейленд типі бойынша ойын-сауық орталығы салынып-салынбайтынын нақтылады, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министр Диснейленд емес, ойын-сауық саябағы салынатынын айтты.

«Қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда Астанада туристік квартал бар, бұл үлкен ойын-сауық паркі болатын маңызды кешен. Жоба іске асыру сатысында. Иә, жоспарлар бар. Бірақ бұл Диснейленд емес. Ол «Барыс Аренаның» артында салынады», – деді Ержан Еркінбаев.

Жобаны шетелдік инвестор жүзеге асырады.

«Бұл үлкен кешен, ойын-сауық орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі қонақ үй. Біздің елордада туристерді тартатын маңызды дестинация болады деп ойлаймыз. 2027 жылы осы үлкен кешеннің туристік элементі пайдалануға беріледі», – деп түйіндеді спикер.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025
MalimBlocks
Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті