Астанада нөсер жауыннан бірнеше көше бөлігі жабылды

Екі күнде 1,5 айдың мөлшері жауған

Мәди Саматұлы

  • 10.08.2024

Астанада екі тәулік бойы нөсер жаңбыр жауып, соңы ірі бұршаққа ұласты. Бұршақтың салдарынан зақымданған көліктердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, екі күн ішінде Астанада 48 мм жаңбыр жауған, айлық норма – 31 мм. Яғни, екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түскен.

Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала бойынша 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды, олар жергілікті орындарда су сору жұмысын жүргізіп жатыр, деп жазылған әкімдіктің ресми мәлімдемесінде.

Толассыз жаңбырға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелген:

- Тұран даңғылы Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына қарай;

- Хусейн Бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына қарай;

- Ұлы Дала даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Айтматов көшесіне дейін;

- Нәжімеденов көшесі Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін.

Соған байланысты, қала тұрғындарына мұндай қолайсыз ауа райында сыртқа шықпағандары жөн екенін ескертті.

Фото: Астана әкімдігі

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks