Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды

Қоғам
Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды

Астана қаласы «Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясының» басшысы сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті.
Спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.
Сонымен қатар, басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін Дирекция қызметкері де сотталды.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды.
Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмектесушісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы «Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтаған жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу