Астанадағы парадқа кімдер шақырылды

Арман Қайыпхан

  • 05.05.2025

Астана әкімдігінің сайтында 7 мамырда елордада өтетін әскери парадқа кімдер шақырылғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды.

Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:

Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);

«Астана Арена" стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);

"Astana Music Hall" автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).

Сонымен қатар іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.

Әкімдік мына жайттарға назар аударуды сұрады:

Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.

Қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру керек.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтау маңызды.

Көрсетілген учаскелерден өту және жол жүру барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

09.05.2025

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

08.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025
MalimBlocks
Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды