Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіт өлі табылды

Жоғалғандардың бірі 23 мамырда Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылынан жеке қайығымен балық аулауға барған

Арман Қайыпхан

  • 29.05.2024

Атырауда облысында екі жігіттің бірі 6 күн бұрын, екіншісі кеше із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, жоғалғандардың бірі 23 мамырда Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылынан жеке қайығымен балық аулауға барған. Ал, Махамбет ауданындағы Ақжайық ауылында тұратын екінші жігіт 28 мамырда мал жаюға шыққан.  

Бүгін 29 мамырда сағат 15:55-те жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жылыой ауданында жолғалған 1991 жылғы ер адамның мүрдесін Қамыскөл көлінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал, сағат 16:15-те Махамбет ауданының Ақжайық ауылынан өріске мал айдап шыққан 26 жастағы жігіттің мүрдесі Жайық өзенінен жайылмаға шыққан тасқын судан табылды, - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Жоғалған жігіттерді іздеуге Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінен, аудандық полиция бөлімі мен жергілікті органнан 24 адам, 6 техника, 4 моторлы қайық тартылған. 

Қазір өңірдегі су айдындарында, әсіресе Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі әлі тұрақтаған жоқ. Өзен суы арнасынан асып, жайылмаға тарады. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарды су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Жайық өзенінде ағыспен ағып келген қоқыстар, ағаш қалдықтары және басқа заттардың адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Фото: Атырау облысының жедел штабы

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Британиялық мұнай компаниясы Қазақстанға қарсы арыз-шағым түсірді

25.03.2025
MalimBlocks
Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Британиялық мұнай компаниясы Қазақстанға қарсы арыз-шағым түсірді

Бұл талап Атырау облысындағы Кемеркөл кен орнын барлау және игеру туралы келісімшарттың бұзылуынан туындаған