Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әуежайдағы оқиға: Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Қоғам
Әуежайдағы оқиға: Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін сағат 11:45 шамасында Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалына жолаушы кірген. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Алайда ол тексеру қызметкерінің шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.

Осы кезде оқиға куәгері өзін тұтқын орнына ұсынды. Кейін ол пышақты тартып алып, қылмыскерді залалсыздандырды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысы бұл жағдай туралы ақпарат алып, ер адамның ерлігі мен шеберлігін жоғары бағалап, оны мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Кейінірек полиция ұсталған аталмыш азаматтың бұған дейін автобус ішінде әйелге шабуыл жасағаны үшін сотталғанын растады.

Айта кетейік, Алматы әуежайында ерлік жасаған адам танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу