«Барлық жағдай осылай болды»: Бишімбаев Нүкенова қаза тапқан күні не істегенін айтты

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованың қалай қайтыс болғаны туралы өз нұсқасын айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 03.04.2024

Бөлмеге кіріп жүргенімде ол ұйықтап жатты, тіпті қорылдады. Мен Бақытжаннан оны қалай оятуға болатынын сұрадым. Байжанов өзі білетін дәрігер Салтанатқа аммиак беруге кеңес бергенін айтты. Мен залға кіріп, аммиакты дәкеге тамшылап, Салтанатқа иіскеттім. Сол кезде ол мұрнымен емес, аузымен тыныс алып жатқанын байқадым. Сыртқа шығып, Бақытжанға ештеңе сезбей тұрғанын айттым. Ол «жедел жәрдем шақырайық па?» деп сұрады. Көріпкелдің бұған дейін айтқаны есіме түсіп кетті, ол Салтанат кешке қарай есін жыяды деген еді. Сонда тағы күтуді ұйғарып, жиналысқа кеттім, сол жерде жарты сағат көлемінде болдым. Кейін Салтанатты оятқым келді, бірақ оны оята алмадым. Ол кезде қорылдағынын да доғарған. Кейін Бақытжаннан тамақ сұрап, бөлмеден шығып кеттім. Ішке қайта кіргенде оның бет-жүзі, денесі салқын болғанын байқадым. Тамыр соғуын іздей бастадым, бірақ таба алмадым, - деді Бишімбаев.

Оның айтуынша, Салтанаттың көз жұмғанын білген соң, өзіне қол салмақ болған.

Мен шошып кеттім де, Бақытжанға телефон соғып, тез келуін сұрадым. Ол да тамыр соғуын іздей бастады, алайда таба алмады. Сонда Байжанов жедел жәрдем шақыруға кетті. Барлық жағдай осылай болды. Дәрігерлер жасанды дем беріңдер деді. Салтанатқа жақындап, аузымды ашқым келгенде, оның иегі қарысып қалғанын көрдім. Оның қайтыс болғанын сол кезде түсіндім. Жедел жәрдем келіп, реанимация шараларын жүргізе бастады, мен есеңгіреп қалдым, ас үйге барып, пышақ алып, өз-өзіме қол жұмсағаным дұрыс болар деп те ойладым. Сосын полиция келді, - деді Қуандық Бишімбаев.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды