Біржолғы әлеуметтік төлем туралы жалған ақпар қайта тарай бастады

Бірақ ешбір мемлекеттік орган сайтында ондай мәлімет жоқ

Мәди Саматұлы

  • 20.07.2024

Әлеуметтік желілерде бір реттік әлеуметтік төлем туралы жалған хабарлама тағы тарала бастады. Алаяқтар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған, деп хабарлайды Malim.kz.

STOPfake.kz жазуынша, хабарландыруда әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден беріледі делінген. Себебі, жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылыпты-мыс. Бұл жалған.

Алаяқтардың айтуынша, төлем туралы бірқатар министрлік хабарлаған. Біз бұл ақпаратты тексердік. Бірде-бір мекеме мұндай жаңалықты жарияламаған, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, Қаржы министрлігінің сайтында да ештеңе жоқ. Алаяқтар атап өткен «ҚР қайырымдылық қоры» деген қор да жоқ, деп жазды сайт.

Сайт келтірген алаяқтардың мәліметінде бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылып жатыр. Бірақ қаржы мекемесінің ресми порталында төлемдер туралы айтылмаған.

Мемлекет басшысының ресми сайтында да мұндай ақпарат жоқ.

Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады, деп жазды сайт.

Фото: stopfake.kz

Байланысты жаналықтар

Астана әуежайы жолаушылардың жүгін сатады деген ақпарат тарады

30.10.2024

КСРО дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі - жалған ақпарат

28.10.2024

Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

19.09.2024

«Фейк» таратқан блогерлерге айыппұл салына бастады

10.09.2024

«Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден беріледі» деген рас па?

08.08.2024

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

28.06.2024
MalimBlocks
Астана әуежайы жолаушылардың жүгін сатады деген ақпарат тарады

Әуежайдың баспасөз қызметі бұған қатысты түсініктеме берді

КСРО дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі - жалған ақпарат

Әлеуметтік желілерде КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарап жатыр

Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

Хабарламада 1949 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта туғандарға 70 000 теңге мөлшерінде төлемақы берілетіні көрсетілген

«Фейк» таратқан блогерлерге айыппұл салына бастады

Жыл басынан бері екі адам жауапқа тартылды

«Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден беріледі» деген рас па?

Ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған 

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс.