Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

Сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман бұрынғы күйеуінің отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын айтты

Сұлу Бөлек

  • 03.04.2025

Сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман бұрынғы күйеуінің отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы ол YouTube-арнасында бөлісті. Оның айтуынша, алимент үнемі кешіктіріліп төленген, ал алимент туралы келісімде қарастырылған кейбір шығын мүлдем өтелмеген.

"Былтырғы демалыс үшін ешқандай ақша төленбеді. Психологтың қызметтері үшін де төленбеді, бірақ біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы Ғазымжанов мырзаға жібердім (Қуандық Бишімбаевтың адвокаты - еск.), бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектер де төленбеді", - деді ол.

Ол 2020 жылы ажырасу кезінде алимент туралы келісім жасалғанын айтты. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев алдымен қаржылық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екеніне сендірген, бірақ кейін бұл туралы оның адвокатына үнемі еске салып отыруға тура келіпті.

"Наурызда алимент төленбеді. Азды-көпті жүйелі түрде төлемдер былтыр қараша-желтоқсанда ғана түсе бастады", - деді Назым Қахарман.

Айта кетейік, Назым Қахарман мәлімдеме жасаған видео 28 наурызда түсірілген. Пікірлерден кейін экранда мынадай хабарлама пайда болады: "30 наурызда маған Бишімбаевтар отбасының адвокаты хабарласып, олар алимент төлеуден мүлдем бас тартатынын айтты".

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан еді. Олардың үш баласы бар.

Фото: коллаж Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025
MalimBlocks
Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған