Бишімбаевтың түрмеге түскен күні камераласымен әңгімесі жарияланды
Камераласы экс-министрмен әңгімені жасырын жазып алған.
Прокурор Айжан Аймағанова бүгінгі сот процесі барысында Қуандық Бишімбаевтың 2023 жылы 10 қараша күні түнде камераласымен бірге сөйлескен сөздерін оқып берді, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Камераласы экс-министрмен әңгімені жасырын жазып алған.
Белгісіз адам: Сен мүлде ұйықтамадың ғой деймін?
Қуандық Бишімбаев: Қалғыдым жай. Таңертең ғана көзім ілінді.
Белгісіз адам: Талғат келген кезде мен оның көзінше айта алмадым. Ол «экс-министр сенімен бірге отыр» деді. Ол «Тенгриньюста, жаңалықтарда шулап жатқанын» айтты. Мейрамханада бір адамдар ұрсысып қалған ба? Кипиш болды ма? Экс-министр дене жарақатын салып, жедел жәрдем келгенше ол жан тапсырыпты деді.
Қуандық Бишімбаев: Ол ұйықтап жатқан. Біз көп іштік. Дауластық. Мен ұйықтадым. Оянған кезде ол мейрамханада ұйықтап жатқан.
Белгісіз адам: Ол жерде бір диванчик бар ма еді?
Қуандық Бишімбаев: Иә, диванчикте.
Белгісіз адам: Бөтен нәрсе ойлап қалма, бәрібір шу болды ғой. Персонал көңіл бөлмеген бе?
Қуандық Бишімбаев: Ол жерде ешкім болмады. Бәрі түнде болды. Біз келген кезде ешкім болмаған.
Белгісіз адам: Пабликтердің бәрі де персоналды кінәлап жатыр екен. Ол жерге байкот жариялау керек депті.
Қуандық Бишімбаев: Ол жерде ешкім болмаған. Біз сол жерде болдық, отырдық, ұрыстық.
Белгісіз адам: Біреу келді ме?
Қуандық Бишімбаев: Біз Биланның концертінде болғанбыз. Сол жаққа барып дауласа бастадық. Ол тұрды да кетіп қалды. Хай-вай басталды.
Белгісіз адам: Братан, мен таңғалып отырмын. Сен ол өліп қалатындай қай жерінен ұрдың сонда?
Қуандық Бишімбаев: Мен оны жұдырықпен ұрған емеспін.
Белгісіз адам: Құлап қалды ма, әлде?
Қуандық Бишімбаев: Мен білмеймін. Бір сәтте ол жатып, ұйықтап қалған. Көп ұйықтады. Қорылдады. Оған ештеңе істеген жоқпын.
Белгісіз адам: Өмірде жолың болмаған сәттер басталған секілді.
Қуандық Бишімбаев: Менің тағдырым сондай. Ол жерде ешкім де болмаған. Бауырымды шақырып алдым да, біз оны оятуға тырыстық. Сұрадық, көп ұйықтаған, жата тұрсын дедік. Біз оның оянғанын күттік. Біз шығып кеттік те, жарты сағаттан кейін тағы кірдік. Қорылдап, денесі суи бастады. Сол кезде бірден жедел жәрдем шақырдық. Мен оны жұдырықпен қатты соғатындай болған жоқпын.
Белгісіз адам: Қатты ішкен кезде есің кіресілі-шығасылы болады ғой.
Қуандық Бишімбаев: Жоқ, мен есімді білемін қашанда.
Белгісіз адам: Жоқ, болған жайттың жартысын біліп, жартысы есіңе түспей тұрады ғой кейде.
Қуандық Бишімбаев: Біз ұрсысып қалдық. Ол кеткісі келді. Міне, мен сол үшін ашуландым. Кез келген нәрсеге келіспей қалсақ – «мен кетемін» дейтін.
Белгісіз адам: Ол сені солайша қорқытты ма?
Қуандық Бишімбаев: Ол жерде әңгіме болмашы нәрседен басталды. Дауласып шыға келді. Бүкіл персонал сонда болған. Екі-үш бөтелке шампан іштік. Кейін сыртқа шығып, тып-тыныш сөйлестік. Бірақ көлікте қайтадан дауласа бастадық. «Мен маспын, жүре алмаймын» дедім. Ұрыс содан қайта басталды.
Белгісіз адам: Менің өмірімде көп мүмкіндік болды. Ал сен карьера жасап үлгердің. Мақтануыңа да болады.
Қуандық Бишімбаев: Неммен мақтанам енді?
Белгісіз адам: Білмеймін, жоғарыда болдың, басқардың, лауазымды орындарда болдың. Ал мен 20 жасымнан бері түрмедемін. Ешқайда оқымадым.
Қуандық Бишімбаев: Біз екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көріп едік.
Белгісіз адам: Иә, мен түсінемін. Әлі еңсең езіліп, жаман болып тұрған шығарсың. Өз-өзіңді жеп жатырсың ғой.
Қуандық Бишімбаев: Жаңа жыл алдында үйді жөндедік. Сонда фотосуретке түстік. Таңертең ол ашуланып, киетін ештеңем жоқ деді. Бірге дүкенге бардық. Шаршап кетті. Мен өз шаруаммен кеттім. Кешке ол құрбысымен кетті, мен кешігіп қалдым. Біз күнде таңертең оянып, жоспар құратынбыз. Мен не болғанын түсінбей қалдым.
Фото: Жоғарғы сот