БҚО Қазталов ауданындағы ауылдарды су басуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданындағы 22 ауылға су басу қаупі төнген. Қараөзен мен Сарыөзен арнасынан асып, су деңгейі көтерілген. Бұл туралы облысық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Malim Админ

  • 31.03.2024

«Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы дерегінше, Жалпақтал ауылы маңындағы Қараөзендегі су деңгейі 741 сантиметрге көтерілген. Қауіпті шек – 790-820 сантиметр. Ал Қараөзеннің Қошанкөл ауылы тұсында су тереңдігі 750 сантиметр болған. Бұл жердегі өзеннің шекті деңгейі 1200-1300 сантиметр.   
«Қазіргі уақытта Қараөзенге Ресейдің Саратов облысындағы Орел-Гай су қоймасынан секундына 408 текше метр, Дмитриевтен 325 текше метр, Приузеннен 372 текше метр су жіберілуде. Аталған су қоймаларынан аққан су Казталов ауданы аумағымен өтеді. Сол секілді Варфоломеев су қоймасы 105,6 пайызға толған. Бұдан Сарыөзенге секундына 100 текше метр су босатылуда. Өзен бойында 2500 қап төселіп, жағалауды бекіту, суды жайылмаларға ағызу жұмыстары жүргізілуде. № 1 Казталов су қоймасына шлюз ашылды. Су деңгейі күрт көтерілген жағдайда № 2 Казталов және Мамай су қоймаларының шлюздері ашылады. Күні бүгін әр елді мекенде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Аудан бойынша 3080 адамға арналған 37 эвакуациялық қосын әзірленді» деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Фото: Интернеттен
 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор