Бүгін ауа райы қандай болады

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Malim Админ

  • 15.05.2024

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклоны мен онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігінде өз әсерін сақтайды.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Тек елімідің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында тұман күтіледі.

Түнде Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус үсік түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Байланысты жаналықтар

+25 ыстық. Бүгін ауа райы қандай болады?

02.04.2025

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

30.03.2025

Демалыста ауа райы қандай болады?

28.03.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

24.03.2025

Мереке күні ауа райы қандай болады?

22.03.2025
MalimBlocks
+25 ыстық. Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін

Демалыста ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

24 наурызда елдің 16 өңірі мен ірі қалаларында ауа райы қолайсыз болады

Мереке күні ауа райы қандай болады?