Бүгін елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» болжамын жариялады

Мәди Саматұлы

  • 08.06.2024

«Қазгидромет» РМК ел аумағындағы бүгін  8 маусымдағы қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктер болжамына қарасақ, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде – қатты жаңбыр жауады, батыс пен солтүстікте, шығыста бұршақ күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Республика бойынша жел күшейіп, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында қатты ыстық болады, Қостанай облысының оңтүстігінде де осындай жағдай.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, БҚО оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Атырау облысының шығысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, БҚО батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды