Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды
Ұлт тағдыры қозғалысының төрағасы, саясаткер Дос Көшім бұл сұхбатында "Қазақстан жері Ресейдің сыйлығы" деп мәлімдеген ресейлік депутаттар мәлімдемесіне қатысты және Путиндік реваншизм саясатына қатысты ойын айтады. Сондай-ақ, Қазақстандағы биылғы мәжіліс сайлауы және тәуелсіз бақылаушылар хақында пікір білдіреді. Сұхбатты алған - журналист Қанат Тілеухан.
«Қазақ билігі ресейлік депутаттардың сөзіне орай нота жолдады. Бірақ оған жауапты естіген жоқпын. Сосын бұл «Ресейдің ресми ұстанымы емес, жекелеген азаматтардың пікірі» дегенге алып келе жатыр. Мен өз басым бұған келіспеймін. Себебі Никонов айтқан сөз путиннің айтқан сөз ғой. Путин «одақтан шыққан елдер Ресейден сый алып кетті» деген болатын. Никонов соны қайталады да қойды. Сондықтан оған менің ренішім жоқ. Ол өз елінің сыртқы саясатын анықтайтын президенті Путиннің сөзін Қазақстанға лайықтап берді», - деді Дос Көшім.
Сондай-ақ, Ұлт тағдыры қозғалысының жетекшісі мемлекет нақты қадамдарға бару керек деп есептейді. Мәселен, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Ресей бас қосқан одақтан шығу.
«Ресейлік депутаттар сөзіне қоғам кіжініп жатыр. Кіжінуден басқа қолдан не келеді? Менімше мемлекет бірнеше қадамдарға бару керек. Біз айта-айта шаршадық. Кеден, Еуразиялық одаққа кіретін кезде де қарсы болдық. Одан ешбір пайда да көріп жатқанымыз жоқ. Енді сол Еуразиялық одақтан шығу мәселесін қою керек. Біздің мемлекетімізге көз алартып отырған елмен одақтас болудың өзі ақымақтық. Керек десеңіз Ресейдің елшісін қуып жіберуге де болады», - деді саясаткер.
Сұхбаттың толық нұсқасын видеодан көріп, аудиодан да тыңдай аласыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=u5j-BeyECws