Елді мекендерді су басу қаупі жоқ

Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын тарту жұмыстары жүргізілуде

Malim Админ

  • 26.03.2024

Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті.

Бүгінгі таңда ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтардың жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны іске қосылды: : ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД  8 711 2 55 40 88.

11 өңірде әкімдіктер мен ТЖД өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Су айдындары мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен астам техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден астам техника, 200-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖМ мен әкімдіктердің жұмылдырылған күштері мен құралдары 320 мыңнан астам текше метр су сорылды, интерентті материалдар салынған 7 мыңнан астам қап төселді. Ең қауіпті учаскелерде нығайту жұмыстары жүргізілуде. 

Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық ауылында су басқан 5 жеке тұрғын үйден, 34 аула аумағынан суды сорып шығару жұмыстары жалғасуда. Жалпы облыс бойынша су басқан үйлер мен аула аумақтарынан 51 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, инертті материалдар салынған 7,9  мыңнан астам қап төселді. 543 текше метр қар шығарылды. 

Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Арқалық қаласында 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үй су астында қалды. Үздіксіз жүргізілген су сору жұмыстарының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғын үйлерінен су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.