Елімізде теміржол тарифтері көрші елдерге қарағанда 2 есе төмен
Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Қазақстан экономикасының басым бағыты, оның дамуына көлік ықпал етеді. Қызмет көрсету рөлін атқара отырып, логистика жүйесіне кіретін теміржолдар ел экономикасына жұмыс істейді, деп хабарлайды Malim.kz. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Қазір бізде әртүрлі өнім түрлеріне тарифтердің 11 түрі бар, атап айтсақ: әлеуметтік маңызы бар тауарлар, көмір тасымалдау, астық тасымалдау және басқалары. Біздің тарифтер көрші мемлекеттерге қарағанда шамамен 2 есе төмен екенін айта кеткен жөн, - деді Роман Скляр.
Фото: railways.kz