457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Енді қыз алып қашуға қатысты жауапкершілік күшейтілмек

Елімізде қыз алып қашуға қатысты жауапкершілік күшейтілуі мүмкін. Бұл – заңгерлердің пікірі. Осыдан үш күн бұрын Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына ұшырап, қалыңдық оқиға орнында көз жұмған. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті де растады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Кейін жол апатына ұшырағандардың қыз алып қашып келе жатқан топ екені анықталды. Қалыңдық тіл тартпастан оқиға орнында жан тапсырған, ал күйеу жігіт пен достары түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қайғылы жайт Үлкен Алматы айналма жолында үш күн бұрын сағат 18:00 шамасында болған.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA маркалы автокөліктің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен жанама соқтығысып, соның салдарынан екінші көлік аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Полиция департаментінің бөлім басшысы Ернар Сайділдин.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда "дәстүрдің озығы бар, тозығы бар". Халық қалаулылары білек сыбана кірісіп, Қылмыстық кодекске "қыз алып қашу" бабын бөлек енгізген еді. Дәстүрдің соңы ауыр зардап келтіріп, тіпті өлімге әкеп соқса, "күйеужігіт" 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.

"Қылмыстық кодексте "Адам ұрлау" бабы бар.  Соған қосымша "Үйлену мақсатында қыз алып қашу" деген бап қосылды. Өзара келісіммен алып қашып кеткен жағдайға бқл бапқа қатысы жоқ. Бұл қызды өз еркінен тыс, бұрын танымайтын адам алып кететін болса, бап қолданылады", – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда "елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар, бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік" деп пікір білдірген еді. 

Фото: azattyq.org