Kaspi банктің атқарушы директоры шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты
Маржан Елшібаева неке қиған сәтін көрсетті
Kaspi Bank-тың атқарушы директоры Маржан Елшібаева британдық азаматқа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады. Елшібаеваның айтуынша, күйеуінің есімі Пол.
Жеке өмірімдегі оқиғалар мұндай реакция тудырады деп күтпеген едім. Құттықтауларыңызды оқу өте жақсы. Неке қию рәсімі Борнмут (Англия) қалалық әкімшілігінің әдемі ескі ағылшын ғимаратында болды. Менің күйеуім ағылшын, оның аты Пол. Мен өз Отанымды тастап кетпеймін. Керісінше күйеуімді Қазақстанға көшуге көндірдім. Мен үшін оның отбасын, жақындарын, достарын, қалыптасқан өмірін тастап, елге көшуі – ерлікпен тең. Енді мен оның махаббатына күмәнданбаймын», - деп жазды Маржан Елшібаева.