Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

«Аманат» деген партияның саяси менеджмент атты академиясы (!) бар екен. Сол академияның ішінен  «Жас саясаткер мектебін» ашылыпты

Руслан ЕРБОТА

  • 06.12.2022

Бұл енді, ана орыстың Матрешкасы сияқты дүние ғой. «Нұр-Отанның» ішінде «Аманат» бар, «Аманаттың» ішінде «академия», академия ішінде «саяси мектеп» тағысы тағы дегендей. Шаршамай аша берсеңіз, депутат Мәди Ахметовке жетесіз.

Мәди Ахметов мәжілістегі ең жас депутат. 25 жасында мандат алды. Рас, депутаттық мандат алмай тұрып, Н. Назарбаевқа Алматыдан ескерткіш орнатайық деп жанықты. Жасына, жолына қарамай, 30 жылдық супер тәжірибесі бар кәсіби жағымпаздарды шаңға көміп кетті. «Дәніккеннен құныққан жаман» дейді ғой, одан кейін Н. Назарбаев пен Қ. Тоқаев телқоңырдай теңселіп тұрған шақта «дауыс беруге шақырамын» деп өңешін жыртқанын да көрдік. Негізі, «жүре берсең, көре бересің» деген рас екен. Н.Назарбаевқа ескерткіш қоюды өмірлік мұратым деп білген жас өрен күні кеше парламентте тұңғыш президентке қатысты ерекше заңдар қысқарып, күзетіліп жатқанда ләм демеді. Астананың атауы қайтып, Нұр-Сұлтан белден басылып жатқанда қыңқ демеді.

Елдің көзіне "қаңтарға дейінгі Қазақстан басқа, қаңтардан кейінгі Қазақстан басқа" деп осындай құбылмалы қабілетімен түскен Мәди Ахметов кеше әлеуметтік желіде жас саясаткерлердің жаңа буынына қатысты жазба жазыпты.  

Білдей депутаттың, бас-аяғы түсініксіз жазбасын бірнеше мәрте оқып, дым ұқпаған соң, мәжілістің сайтына кіріп қарасам, Мәди Ахметов елу шақты жас саясаткерге сабақ өтіпті!

Жас саясаткерлердің ұстазы анау-мынау емес, Мәди Ахметовтің өзі болса, қазақ еліне + 50 су жорға депутат жақын күнде қосылады десеңізші.

Фото:parlam.kz

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023

«AMANAT»: Республикалық қоғамдық штаб мүшелері түркістандық шаруалармен кездесті

20.02.2023

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

26.11.2022

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

12.10.2022
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

«AMANAT»: Республикалық қоғамдық штаб мүшелері түркістандық шаруалармен кездесті

«АMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді.

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі мен ұлықтауы шарасы өтті. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде екінші мәрте ұлықталуы.

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

Елеусізов пен Қосановтың ізбасарлары Жаңа Қазақстанда да көп.