Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

Биыл заңға жаңа өзгерістер енді

Арман Қайыпхан

  • 19.07.2024

Дәрігерлерді дайындауда қандай проблемалар бар? Кадр тапшылығы неге шешілмей жатыр? Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм арнасында осы және басқа да сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Медициналық білімге бөлінетін қаржы көлемі өте төмен. Министрлікте жұмыс істегенде, біздің министрлікке қарасты университеттерге бюджеттен бөлінетін гранттар соммасын 400 мыңнан 1-1,5 млнға дейін көтергенбіз. Осы шешімнің арқасында біз оқытушылардың жалақысын да көтеріп едік. Ал медицина саласындағы университеттердің грант соммасын жеткілікті деңгейде көтерілмеді, – деп жазды ол.

Депуттаттың сөзінше, гранттарға бөлінетін қаражат көлемі жеткіліксіз. 

Бір дәрігерді дайындау үшін грантқа бюджеттен бөлінетін сома аз мөлшерде бекітіліп, тек 1,2 млн болса, министрлік университеттермен келісімшартты тек 1,1 млн-ға жасапты, яғни бөлінген қаражаттың өзі толық жетпеген екен. Бұл ақпаратты анықтауымыз керек, – деді Аймағамбетов. 

Депутат медициналық университеттерде басқа елдердің азаматтарын оқытуға тым көп көңіл бөлір жатқанын айтады.

Солай бола тұра, өз азаматтарымызды оқытуға орын аз дейді. Әрине, дәрігерлер де сосын жетіспейді. Бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігі қайта қарауы керек деп санаймын. Басымдылық қазақстандықтарға берілге тиіс. Университет облыста орналасқан болса да, кадр тапшылығы байқалады. Оқып жатқан студенттердің көбі басқа өңірлерден болғандықтан, облыста қалғылары келмейді, – деді ол.

Депутаттар облыстық әкімдік тарапынан қосымша нысаналы гранттар санын көбейту туралы ұсыныс жасады.

Бакалавриат пен резидентураға да облыстық бюджеттен қаражат бөлінсе, осы нысаналы грантпен оқығандар міндетті түрде облыс әкімдігі жіберген ауыл/қалаға барып жұмыс істейтін болады.  Біз кезінде әдейілеп енгізген бұл норманы шалғайдағы кадр тапшылығын жою үшін егізіп едік. Әкімдікке оны кеңінен қолданған тиімді болар еді, – деді мәжілісмен.

Аймағамбетов мемлекеттік грантты өтеу тәртібі қандай екенін атап өтті. 

Қазіргі кездегі тәртіп: мемлекеттік грантты университетті бітіргеннен кейін кез келген жерде өз мамандығы бойынша жұмыс істеп өтеу. Бұл тәртіпті өзгертіп, түлектерді нақты жолдама бойынша, маман тапшы жерге барып өтеу бойынша арнайы норманы заңға енгізіп шешу ұсынылды. Бұл мәселені қосымша талқылаймыз, – деді ол.

Сөз соңында Аймағамбетов жақсы жаңалық айтты.

Біз биыл сайлауалды уәдемізге сәйкес заңға жақсы өзгеріс енгіздік. Енді маман тапшылығы бар жерге барып жұмыс істегендерге 9 млнға жуық бірмезгілдік көтерме ақы беріледі, – деді мәжіліс депутаты.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Депутат Хасан Қасымбаевпен туыстығы бар екенін растады

07.11.2024

Абай облысында халықтың орташа жалақысы – 340 мың теңге

04.11.2024

Депутат: Халықтың 80 пайызы қарызға батқан

30.10.2024

Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам инсультке шалдығады

29.10.2024

Елін сүйген қайраткер Нұртас Оңдасынов

27.10.2024

Шымкенттегі медицина: биыл бірнеше орталық ашылып, бөлімшелер іске қосылды

24.10.2024
MalimBlocks
Депутат Хасан Қасымбаевпен туыстығы бар екенін растады

Абай облысында халықтың орташа жалақысы – 340 мың теңге

Депутат: Халықтың 80 пайызы қарызға батқан

Бұл халықтың табысы төмендеп жатқанын және көптеген адамдар негізгі шығындарды жабу үшін қарыз алуға мәжбүр екенін көрсетедІ

Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам инсультке шалдығады

Бүгін – бүкіләлемдік инсультке қарсы күрес күні

Елін сүйген қайраткер Нұртас Оңдасынов

Ол 1938 жылдан 1963 жылға дейін (25 жыл) – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ал 1940 жылдан 1958 жылға дейін (18 жыл) КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 26 жыл (1938-1964) Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің және 14 жыл (1938-1951, 1954-1955) оның бюро мүшесі, Кеңес Одағы Компартиясының XVIII, XXII, XXIII съездері мен оның XVIII конференциясының делегаты, 13 жыл (1939-1952) СОКП Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.

Шымкенттегі медицина: биыл бірнеше орталық ашылып, бөлімшелер іске қосылды

басты мақсат – медицина саласын жоғары деңгейге көтеру.