«Намазхандар қиянат жасамайды деп ойладым»: Танымал әнші бақытсыз әйел болғанын айтты

Әнші тұрмысқа шариғат бойынша шыққан.

Malim Админ

  • 24.04.2024

Әнші Мөлдір Әуелбекова «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші өз сөзінде күйеуімен бірге ұйып намаз оқуды армандағанын айтты.

Бес жыл бойы орамалға келе алмай жүрдім. «Тұрмысқа шығам, күйеуім мені бағады» деп ойладым. Екінші рет тұрмысқа шығатын кезде, осы мүмкіндікті жіберіп алмайын дедім.

Күйеуімнің артында тұрып, ұйып намаз оқимын» деген арманыма жеттім. Мені бақытқа бөлеген сәттер де бар. Бір күні күйеуім таң намазынан кейін «Саған орамал күшті жарасады» деді. «Онша шешпеймін» дедім. Ол да «Шешпе» деді. Содан кейін орамалға келдім. Бірінші рет тұрмысқа шыққанда, ол кісі діннен бейхабар болды, - деді ол.

Әнші тұрмысқа шариғат бойынша шыққан.

Ол кісі бізді тастап кеткенде, «Намаз оқитын адамдар адал, қиянат жасамайды» деп ойлайтынмын. Бірақ екінші некем менің ол ойымды жоққа шығарды. Екінші рет тұрмысқа шығатынымды білдім. Себебі, өмірім бірінші некемен тоқтап қалмады. Екінші некемде күйеуім намазхан болса деген талабым болды. Намазхандар маған қиянат жасамайды деп ойладым. Өйткені, мен намаз оқимын. Намазға келгенде, діни білімің артады. Ер адам Алланың алдында әйелі үшін көп сұралады. Намазхан маған қиянат жасамайды, баласын тастамайды деп ойладым. Мені, баланы тастап кететіндей себеп жоқ қой. Шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Менің қателігімді жас қыздар қайталамасын. Қарап тұрсаң, ақымақтық қой. Бір апта телефонмен сөйлескенмін ғой. Осыны тыңдап, сабақ алыңыздар. «Отызға келдім» деп бірінші тұрмысқа шақырған адамға жүгіріп кете салмаңыздар. Мен өте бақытсыз әйел болдым. Әртүрлі нәрсені естіп, сіздер қателік жасамаңыздар, - Мөлдір Әуелбекова.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

«Бір бұрышын қимай жүр». Мөлдір Әуелбекова үлкен сахнадан шеттетілгенін айтты

11.09.2024

«Жап-жаңа жасауым». Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шыға ма?

06.09.2024

Мемлекет басшысы көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

03.09.2024

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат саласындағы жұмысты ұйымдастыру жөнінде жиын өткізді

22.08.2024

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

18.08.2024

Шымкентте мас еркек әйелі мен үш айлық қызын сабаған

04.08.2024
MalimBlocks
«Бір бұрышын қимай жүр». Мөлдір Әуелбекова үлкен сахнадан шеттетілгенін айтты

Өнер иесі Мейрамбек Беспаевқа алғыс айтты

«Жап-жаңа жасауым». Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шыға ма?

Өнер иесі оқырмандарына жаңа жасауы дайын екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

Тоқаев әлемдік доданы жоғары деңгейде ұйымдастыруға назар аударды

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат саласындағы жұмысты ұйымдастыру жөнінде жиын өткізді

Ішкі саясат саласындағы жұмысты жоспарлап, оны үйлестіру және ұйымдастыру үшін әрдайым тың тәсілдер қолдану керек

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

Дегенмен қауіпті елдерге баратындарға сақтық жолдарын ұсынды

Шымкентте мас еркек әйелі мен үш айлық қызын сабаған

Әйелі түрлі жарақат алған. Ал сәби жан сақтау бөлімінде