457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Наурызбай қажы кәсіпкерлерге үндеу жасады

Наурызбай қажы Тағанұлы мал құнын қолдан көтермеуге шақырды, - деп хабарлайды Malim.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қожа Ахмет Ясауи бабамыз: "Хаққа қызмет – халыққа қызмет" деген. Бұл – халықтың разылығы Алланың разылығына жеткізеді деген сөз. Осыған орай, шаруа қожалықтарының иелерін мал бағасын шарықтатпай, әділетті баға ұсынуға үндеймін. Еңбектің ақталуы маңызды, дегенмен "пайда ойлама, ар ойла" деген дана сөз бар. Алла Тағала Құранда: "Жасаған қайыр-садақаларың өздеріңе толық қайтарылады" деп уәде еткен" ("Бақара" сүресі, 272-аят), деді Бас мүфти.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға да шақырды.

"Құрбан айтта халыққа жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алайық. Бұл – сауапты әрі сағынышпен келетін мейрам", - деді қажы.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. 

Фото: sunna.kz