Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады

Арман Қайыпхан

  • 12.12.2024

Қазақстанның бұрынғы президентінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер енді мемлекеттік құпияларға жатқызылады және оны таратуға тыйым салынады, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Парламент Сенаты тиісті түзету енген заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.Депутаттар «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға толықтыру енгізген. Оған сәйкес, енді Қазақстан президент мен экс-президентінің жеке өміріне қатысты ақпараттар заңмен қорғалады.

Мұндай норма «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына енгізілген.

Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Республикасы президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі,-делінген қортындыда.

2023 жылдың қаңтарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне жоспарлы ота жасалды. Алайда хирург Юрий Пя отаның себептерін атаған жоқ. 

Фото: nazarbayev.kz

Байланысты жаналықтар

Енді медициналық ұйымдар МӘМС-тегі ақшаның қайда жұмсалғанын жариялауға тиіс

21.05.2025

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025
MalimBlocks