Орынбасарының соты басталды, үкімді әкім күтеді

Malim Админ

  • 04.12.2020

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫ соты басталды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур БАСАРОВ 182 миллион теңге пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Тергеу версиясы бойынша шенеуніктер екі жүз орындық Құлсары қаласындағы салынып біткен аурухананы қабылдау актісіне қол қойылу үшін пара алған.

Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаров 2020 жылдың 10-шы қыркүйегінде ұсталған болатын. Оларды тұтқындауға астанадан арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері келген еді.27-ші қыркүйек күні Таубаев қызметтен кету тарулы арызын жазған еді. 44 жастағы шенеунік 2018 жылдан бері Атырау облысты әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

Егер сот Таубаевтың қылмысын анықтаса облыс басшысы Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ қайтпек?

Былтыр 2019 жылдың 20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелерімен жемқорлық бойынша жиын өткізген.

 «Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс», – деген еді мемлекет басшысы.

Бұл сөз артынша заңға айналды. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Яғни  облыс қала әкімдері орынбасары я болмаса тікелей бағынышты мемлекеттік  қызметші пара алса отставкаға өтініш беруі тиіс.

Мәселен биылғы жылдың қыркүек айында Алматы облысына қарасты Текелі қаласының әкімі Бақтияр ӨНЕРБАЕВ қарамағындағы шенеуніктің пара алғаны үшін отставкаға кетті. Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Баходир НОРКУЛОВТЫҢ  сотта 1,5 млн теңге пара алғаны дәлелденген еді.

Демек, сот тек қана Таубаевқа үкім шығармайды. Соттың соңғы сөзіне облыс басшысы Досмұхамбетовтің өз қызметінде қалу-қалмауы да байланысты боп тұр.