457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Өскемен қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер арасында “Тоғызқұмалақ” ойыны бойынша турнир өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 15 сәуірде Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарының қатысуымен қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – “Тоғызқұмалақ” бойынша турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы. Турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында өткізілді және аймақтағы ардагерлер қауымдастықтарының жұмысын қолдауға әрі жандандыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің бір бөлігі болды.

Турнирдің мақсаты – ұлттық ойын “Тоғызқұмалақты” дамыту, егде жастағы адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын ынталандыру, сондай-ақ облыстың қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.

Турнирге қатысушылар дайындықтарының жоғары деңгейін, стратегиялық ойлау қабілеттерін және дәстүрге адалдықтарын көрсетті.

Іс-шара аға буын өкілдерінің бірлігін нығайтқан, жылы әрі достық пейілде өтті.

Фото: ШҚО әкімдігі