Өскеменде Конституция күні мерекесі тойланып жатыр

Бүгін Өскемен қаласының мыңдаған тұрғыны Конституция күні мерекесін тойлау үшін Республика алаңына жиналды.

Malim Админ

  • 30.08.2024

Биыл Ата заңның қабылданғанына 29 жыл толып отыр. Таң атқан бойда металлургтер қаласының басты алаңына халық көп жиналды. 

Конситуция – бұл тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Еліміз өсіп-өркендей берсін! Мереке құтты болсын, құрметті өскемендіктер!-деді Өскемен қаласының тұрғыны Мир Мажиренов. 

Мереке құтты болсын, құрметті, өскемендіктер! Береке-бірлік, жақсылық болсын! – деп тағы бір қала тұрғыны – Юлия Артамонова ақжарма тілегімен бөлісті

Алаңда мерекелуші жұртқа арналған бірнеше орын ұсынылды: «Караоке» бөлігі, спорттық ойындар, «Шығыс дәмі» гастраномдық фестивалі, қолөнер шеберлерінің «Шығыс кәдесыйы» көремсі, мерекелік сауда орындары мен «Бал жәрмеңкесі» мен «Күз сыйы» деп аталған ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Конситуция күні мерекесі үрлемелі оркестір шеруімен басталды. Одан соң сахнада елдің құрылыс саласына, көмір өндірісіне және шахта құрылысының дамуына айтарлықтай үлес қосқан қала тұрғындарын «Құрмет», «Еңбек даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттау шарасы өтті. Ал марапатты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев табыстады. 
Еңбегі еленген өскемендіктердің бірі, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алған Әліп Арыххан.

- Мен 1995 жылдан бері шахтада жұмыс істеймін. 29 жыл электровоз жүргіземін. Мұндай техникамен жұмыс істеуді бала күннен армандадым. Әрине, бұл кәсіп оңай емес. Күнде жер астына түсеміз. Бірақ бұл біздің борышымыз. Мемлекеттік наградаға ұсынылғанымды естігенде қатты қуандым. Бүгін отбасым, достарым, әріптестерім бар бәрі хабарласып, құттықтап жатыр,-дейді «Востокцветмет» ЖШС-ның электравоз машинисі Әліп Арыххан. 

Ал «Құрмет» орденімен «Востокцветмет» ЖШС-ның электрслесарі жанат Бектеміров және «Казцинк» кен орнының басшысы Әмірхан Жангутинов марапатталды. Мұнан өзге ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін Өскемен қаласының 8 тұрғыны алды. Олардың қатарында машинистер, құрылысшылар, инженерлер мен прорабтар бар. 

Еңбек адамдарын марапаттау рәсімінен соң мерекеге жиналған қауым танымал опера әншісі Сүндет Байғожин мен облыстың шығармашылық коллективінің өнерін тамашалады. Кешке 18:00 де өскемендіктер қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертін көріп, керемет отшашуды тамашалай алады. 

Фото: ШҚО әкімдігі
 

Байланысты жаналықтар

Шығыс өңірдегі журналистерді даярлайтын басты ұстахана

17.09.2024

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

17.09.2024

«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

16.09.2024

Марқакөлде дәрігер тапшылығын жою мәселесі қолға алынды

06.09.2024

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

04.09.2024

«Таза Қазақстан» : Өскеменде 100-ден астам эко-шара өткізілді

04.09.2024
MalimBlocks
Шығыс өңірдегі журналистерді даярлайтын басты ұстахана

Шығыс Қазақстанда «Аманжолов журналистері» деген бренд қалыптасты

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

Ашылу салтанаты қыркүйектің 27-не жоспарланған

«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

«Eastiler» атауы бірнеше мағына береді: «дауысымыз билікке, халыққа естілер», «есті жандар, ақылдылар», «шығыстықтар»

Марқакөлде дәрігер тапшылығын жою мәселесі қолға алынды

Халық үшін ең маңызды сала – денсаулық сақтау саласы

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

«Таза Қазақстан» : Өскеменде 100-ден астам эко-шара өткізілді

Бүгінгі таңда су қоймаларын  жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалуда