freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада лифттегі төбелесті «пранк» деп түсірген азамат айыппұл арқалады

Қоғам
Қызылордада лифттегі төбелесті «пранк» деп түсірген азамат айыппұл арқалады
Фото: видеодан кадр

Қызылорда облысында лифт ішінде пранк жасаған азамат жазаланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішінде болған жанжал бейнеленген видеоны анықтады.

Бейнежазбадан азаматтың танысымен бірге лифт ішінде сөзге келіп, арты төбелеске ұласқанын байқауға болады. Олардың бұл әрекеті лифтіде болған басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

Алайда бейнежазбаның соңында жанжалға қатысушылар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғыны Қасымбек Нұрсұлтанды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Сот шешімімен азаматқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция мұндай «әзілдерге» жол берілмейтінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу