Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Malim.kz.
Сәуір айында республика бойынша есірткі айналымына қарсы операциялар жүргізілді.
Есірткі сатудың 37 фактісі және синтетиканы сақтаудың 37 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 13,5 кг синтетика тәркіленді, оның қара нарықтағы құны шамамен 405 млн теңгені құрайды. 29 адам ұсталып, уақытша изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Фото: Polisia.kz