Қарағанды облысында ауыл тұрғындары медқалдық жағатын цехқа қарсы

Еш құжаты болмаса да пеш орнатылып қойған

Мәди Саматұлы

  • 30.11.2024

Қарағанды облысындағы Курияновка ауылының тұрғындары елдімекен жанынан медициналық қалдықтарды жағатын цехтың ашылуына қарсы. HALYQSTAN телеграм-арнасының жазуынша, ауылдықтар өз денсаулықтарына алаңдап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл тұрғындары цех орналасатын ғимараттан түтін шыққанын көріп, мәселені қоғамдық назарға шығару туралы шешім қабылдаған. Бұл жағдай жобаны талқылау үшін қоғамдық тыңдаулар өтпей тұрып болған. Тұрғындар мұндай нысанның салынуына үзілді-кесілді қарсы, өйткені цех ауыл үйлері мен мектепке тым жақын орналасқан, ал қалдықтарды жағу кезінде шығатын түтін елдімекенге тікелей әсер етуі мүмкін.

Жергілікті экология департаменті тұрғындардың алаңдаушылығын ерте деп санайды. Себебі, жобаны жүзеге асыруға ешқандай рұқсат берілмеген.

Қарағанды облысының табиғи ресурстарды реттеу және пайдалануды бақылау басқармасының өкілі Бахтияр Санбаев жобаның әлі жүзеге аспағанын және тыңдауларсыз жұмыс бастау заңсыз екенін айтты. Оның сөзінше, тыңдаулар барысында тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары ескерілуі тиіс.

Алайда рұқсат құжаттары болмаса да цехта медициналық қалдықтарды жағуға арналған пештің орнатылғаны анықталған.

Айта кетейік, жоспар бойынша «Алтын жаға» ЖШС жылына 438 тонна медициналық қалдықты өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл қалдықтар Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласының медициналық мекемелерінен жеткізіледі. Қалдықтар А, Б және В сыныптарына жататын қауіпті материалдардан тұрады.

Аталған цехтың экологияға және Курияновка ауылының тұрғындарының өміріне әсері туралы нақты ақпарат 17 желтоқсанда өтетін қоғамдық тыңдауларда жариялануы тиіс.

Фото: kaz-waste.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады