Қарызы бар азаматтардың банктегі шоты бұғатталмайды

Қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн

Malim Админ

  • 02.09.2024

Салық саласында әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тартқан абзал. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.


«Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс.

«Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет», - деді Президент.

Фото: pinterest.com 

Байланысты жаналықтар

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Елімізде несие алуы қиындай түспек

30.04.2025

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

29.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025
MalimBlocks
Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Елімізде несие алуы қиындай түспек

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды