Қазақ ғалымдары коронавирус дәрісін қалай жасап жатыр

Қазақстандық ғалымдар теріде болатын грибокты микоздан емдейтін дәрі жасап шығарды. Тек біздің елде кездесетін жергілікті микробты жоятын дәрі 22 жыл көлемінде жасалған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 18.11.2021

Қазақстандық ғалымдар теріде болатын грибокты микоздан емдейтін дәрі жасап шығарды. Тек біздің елде кездесетін жергілікті микробты жоятын дәрі 22 жыл көлемінде жасалған. Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Амангелді Садановтың сөзінше, енді ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрі ойлап табу процессін бастаған.

- Розеофунгин-АС дәрісін кім ойлап тапты?

-Өндіріске жіберілгенде тауар белгісіне бір адамның аты жазылады. Ол жерде менің аты-жөнім тұр. Алайда бұл жұмыстың артында 20-дан көп адамның еңбегі бар. Мен тек басқарушы, бағыт беруші адаммын. Ал вирусты тауып, сосын оған қарсы тұра алатын микроорганизмді табу үшін біздің лаборатория қызметкерлері 7 жылдан көп жұмыс жасады.

- Бұл вирусқа дәрі іздеу идеясы кімге келді? Және осы дәріні ойлап табу процессін түсіндіре кетсеңіз.

- Біздің кеңес кезіндегі ғалымдар осы тері ауруның қазақстандық штаммын 70-80-жылдары іздеп тапқан. Бірақ кейін оны жоғалтып алады. Біз 2000 жылдары сол штаммды қайта іздеп таптық. Бұл штамм жергілікті, оның гені қазақстандық. Бұл генді анықтайтын арнайы құрылғы, бізде және Назарбаев университетінде ғана бар. Біз оны бөліп алып, онымен күресу жолын іздей бастадық. Дәрі ойлап табудан жасалатын нәрсе емес, бұл ізденіс нәтижесінде табылады. Мысалы, табиғатта белгілі бір ауру болса, сол ауру тудырған микробтан күшті, тіпті сонымен қоректенетін тағы бір микроб болады. Біз сол микробты табу үшін жұмыс жасадық. Актиномицеттер деген микроорганизмнің бірнеше миллион түрі бар. Біз 7 жылға жуық уақыт сол микроорганизмдерді тексеріп, соның ішінен ауруды жеңе алатынын іздеп таптық. Бұдан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына штаммға қарсы дәрі тапқанымызды айтып, сынақ жүргіздік. Сынақ кезеңдерін Денсаулық сақтау министрлігі бекітіп береді. Клиникаға дейінгі және клиника кезіндегі сынақтарды жасадық. Осылай жүргенде, штаммды тапқан уақыттан бастап есептегенде, дәріні өндіріске жіберген уақытқа дейін 22 жылға жуық уақыт өтті. Бұл жергілікті қазақстандық грибокты жеңетін алғашқы отандық дәрі.

- Ал елімізде дәрі-дәрмек өндіретін басқа компанияларда мұның аналогі жоқ па?

- Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын 7-8 ірі компания бар. Бірақ ол дәрілердің шикізаты шетелден келеді. Ол шетелден келгеннен кейін біздің дәрі деп айту қиын. Себебі ойлап тапқан шетел ғой. Және ол Қазақстандағы генге сәйкестендірілген бе соны да анықтау керек. Ал біздікі осы қазақстандық штаммды емдеуге арналып жасалған дәрі. Былай қарап отырсақ, шетелде де тура біз сияқты ғалымдар отыр. Бірақ олар дәрінің бағасын күрт өсіреміз десе де өздері біледі. Оларға ешкім ешнәрсе дей алмайды. Алсаң ал, алмасаң қой дейді. Ал біз төмендет десе, төмендетеміз, халықтың жағдайына қараймыз. Бәрібір өз еліңнен шыққан нәрсеге жетпейді ғой.

- Енді 20 жылдан артық еңбегіңіз ақталды. Қазір қандай жоба бастамақ ойларыңыз бар?

- Біз қазір коронавирусқа қарсы дәрі іздеуді бастадық. Елімізде вирусқа қарсы QazVac вакцинасы бар. Бірақ ол тек сақтану құралы. Вакциналардың ешбірі адам коронавируспен ауырмайды, ауырса, 100 пайыз жазылып кетеді деп кепілдік бере алмайды. Ауырған адамға вакцина керек емес дәрі керек. Ешбір елде коронавирустан емдегенде вирусты өлтіріп жатқан жоқ. Дәрігерлердің барлығы вирустың иммунитетке келтірген залалымен күресіп жүр.  Ал біз денеге енген вирусты 3-4 күн ішінде жойып жібере алатын дәрі ойлап табу жолын іздестіріп жатырмыз. Және бұл нақты біздің елдің геніне сай келетін дәрі болуы керек. Біздің Вирусология және микробиология институтындағы 190 қызметкердің 110-ы таңнан кешке дейін осы вирустан күшті микроб іздеумен айналысуда. Бірақ бұл дәріні мен бүгін не ертең шығарамын деп айта алмаймын. Бәрі тәжірибелерге байланысты.

 

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.