457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда киіктердің санын реттеу жұмыстары қайта басталады

Экология министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киік популяциясының санын реттеу шаралары қайта қолға алынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл шешім Батыс Қазақстан облысының фермерлерімен кездесуден кейін қабылданды. Олар егіс алқаптары мен жайылымдардың тапталуынан миллиондаған шығынға ұшырағандарын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің айтуынша, шығын көлемі жүздеген миллион теңгеге жетіп отыр. Фермерлер мал азығынан, мал басынан айырылып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін жоғалтып жатқанын алға тартты.

Киіктердің санын реттеу жұмыстарын Зоология институтының ғылыми негіздемесіне және жабайы жануарлар популяциясын басқару саласындағы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмысты “Охотзоопром” мекемесі орындайды. Киіктерді іріктеу – ғылыми негізделген және таңдаулы түрде жүргізіледі.

Шығын шеккен өңірлердің әкімдіктері Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерімен бірлесе отырып, эпизоотиялық бақылау, қабылдау және өңдеу пункттерін дайындау, санитарлық және экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады.
Фото: freepik.com