457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

ШҚО Экология департаменті "СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде, экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталған - ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану деректері.

2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Бұл қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды. Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысы бойынша, ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Фото: azh.kz