Қазақстандық ардагерлер басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады

Елімізде 148 ардагер тұрады.

Malim Админ

  • 06.05.2024

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ардагерлер ең жоғары төлемдер алады, сондай-ақ, Қазақстан әлеуметтік көмек бойынша жетекші орында.

Елімізде 148 ардагер тұрады. Олардың барлығы 9 мамырға орай жергілікті бюджет есебінен біржолғы ақшалай төлемдер алды. Көмектің орташа мөлшері 1,7 млн теңгені құрайды, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Жеңіс күніне арналған біржолғы әлеуметтік төлемнің ең үлкен мөлшері – орта есеппен $3,8 мың.

Мәселен, Тәжікстанда 24 ҰОС ардагері тұрады, оларға тағайындалған төлем көлемі – $2,2–2,3 мың, Өзбекстанда – $1,5 мың, Беларусьте 1,1 мың ардагердің әрқайсысына – $1,2 мың, Әзербайжан мен Қырғызстанда – $1,1 мың, Ресейде бұл мақсаттарға көзделген сома көлемі төмен. Онда 12,5 мың ардагерге $107 мөлшерінде төлем берілді, - делінген хабарламада.

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Соғыс туралы өлеңдер

09.05.2025

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

09.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

07.05.2025

Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

02.05.2025
MalimBlocks
Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Соғыс туралы өлеңдер

Мың қолдар сау болсын деп, Мен бір қолымды бердім.