Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Арман Қайыпхан

  • 26.04.2025

Қостанай облысында шенеунік өз әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Алмас Әбілдин қызметінен төмендетіліп, айыппұл салынды.

«Қызметтік тергеу мен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысының нәтижесінде, Әбілдин А.М.-ға мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту түрінде мемлекеттік лауазымда төмендету туралы шешім қабылданды», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Ерлан Салықбаев.

Алмас Әбілдин бұған дейін басқармада жетекшілік қызмет атқарған болса, қазір ол бас маман лауазымына төмендетілді.

Сонымен қатар, шенеунік ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 78 640 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін Kozachkov offside телеграм-арнасы Әбілдиннің спорт нысандарының бірінің күзет қызметкеріне әдепсіз сөздер айтып жатқан видеосын жариялаған болатын. Кикілжіңді куәгерлердің бірі видеоға түсірген.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Еліміздегі кеден бекеттеріне «қызыл түйме» орнатылып жатыр

06.05.2025
MalimBlocks