Қуаңшылық кезде халыққа көмектескен Құрмет Талапқазы сыйлыққа алған үйін сатып жіберген

Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне шөп жіберіп халыққа көмектескен еді

Арман Қайыпхан

  • 18.06.2024

Қазақстанның қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлеріне қол жинап, шөп жіберген Құрмет Талапқазы "Assyltas TV" каналына берген сұхбатында не үшін ел берген үйді сатып жібергенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне вагон-вагон шөп жіберіп, көпшіліктің төрт түлігін ашаршылықтан аман алып қалуға септігін тигізді.

Оның еңбегін елеп, Мақсат Толықбай халыққа үндеу жасау арқылы жылу жинап, ал жарты бөлігін Дулат Тастекей басшылық еткен "Асылтас" қоры қосып, оған Шымкенттен үш бөлмелі үй сыйлады. 

Алайда Құрмет Талапқазы бұл үйді сатып жібергенін айтты.

Бұрын да сұхбаттарымда айтқанмын, ол кісілерге Алла разы болсын, рахмет! Бірақ сол кезде де "ешқандай мұндай нәрсе керек емес" деп айтқанмын. Көше сыпырып, далада қалсам да, қабірлер - менің үйім. Былтыр ол үйді жалға беріп, одан кейін сатып жібердім. Жартысын ауылға жібердім, олар (ата-анасы) ота жасатыпты. Содан кейін осы жақта да біраз адамдар көмек сұраған соң оның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсадым. Арғы бетке (Қытай) де бару керек кездер болды, бір жағдайлар болып қарыз алғанмын. Өзіме де жараттым, елдің бергенін елге қайтарғандай да болдым, - деді ол.

Фото: Әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Жамбылда 65 бала 10 жыл бойы баспана кезегіне қойылмаған

25.08.2024

Су тасқыны: БҚО-да баспана мәселесі толық шешілді

21.08.2024

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды

20.08.2024

Қара бетперде таққан жігіт 34 отбасыға үй сыйлады

19.08.2024

"Баспана алып беремін": Астанада тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

12.08.2024

Шілдеде «7-20-25» бағдарламасы аясында 723 қарыз берілді – Ұлттық банк

03.08.2024
MalimBlocks
Жамбылда 65 бала 10 жыл бойы баспана кезегіне қойылмаған

Прокуратура 156 жетім баланы кезекке қойғызды

Су тасқыны: БҚО-да баспана мәселесі толық шешілді

Бүгінде 250-ден аса отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды

Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынған

Қара бетперде таққан жігіт 34 отбасыға үй сыйлады

Ол үй тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қуантты

"Баспана алып беремін": Астанада тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Күдікті істеген ісін мойындаған

Шілдеде «7-20-25» бағдарламасы аясында 723 қарыз берілді – Ұлттық банк

Ал берілген несие көлемі 12 млрд теңге