Құлдықта болған екі қызға берілген үйді сатып жіберген

Ілияс Сәриев есімді блогер жігіт апалы-сіңілі қыздарға баспана кілтін табыстаған еді

Сабина Асқарқызы

  • 18.04.2025

Түркістан облысында 17 жыл бойы құлдықта болған Назгүл мен Құндызға сыйланған баспана өзге адамға сатылып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

2023 жылдың қыркүйек айында Ілияс Сәриев есімді блогер жігіт апалы-сіңілі қыздарға баспана кілтін табыстаған.

Журналист Руслан Өтепбай үйдің құрылысы қашан бітетінін білу үшін Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылына барып қайтқан. 

Аталған жердегі құрылысшылар үйді Марсбек деген кісіге сатылғанын және жөндеу біткен соң қонақүй болатынын айтқан. Кейні Руслан Өтепбай Krisha.kz сайтында Құндыз бен Назгүлге берілу тиіс баспана 45 млн теңгеге сатылымға шығарылғанын анықтады.

2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған. Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ ТРАВЕЛДІҢ ИЕСІ Ақтоты Болатқызының қалтасы майланған. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сомма салған», - деп жазды Руслан Өтепбай.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

28.04.2025

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

27.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

Ал образы 236 млн теңгеге жуықтаған.

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

338 блогер 256 миллион теңге салық төледі