«Қызметіне сөзсіз лайық». Бағдат Мусин Әділхан Қопабаевқа қатысты пікір білдірді

Әділхан Қопабаев Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалды

Мәди Саматұлы

  • 16.01.2025

«Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусин Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалған қазақстандық қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, Digital Nomads қауымдастығын құра бастаған кезде, Әділхан осы идеяға сенген алғашқы адамдардың бірі болып, оның дамуына белсенді түрде кіріскен. Ол пионерлердің бірі болып, қатысушыларды шабыттандырып, біріктірген бейресми басшыға айналған. Оның белсенділігі, энергиясы және ұйымдастырушылық қабілеті әрдайым өзгелерден ерекшелендіріп тұрған.

Есімде, біз қауымдастықтың алғашқы кездесуін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен дайындап жатқан едік. Әділхан министрліктің немесе елшіліктің қызметкері болмаса да, көптеген ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды. Ол «бұл менің жұмысым емес» демей, керісінше, белсенділік танытты. Дәл осындай адамдар, жауапкершіліктен қорықпайтындар, әрдайым үлкен жетістіктерге жетеді, дейді Бағдат Батырбекұлы.

Компания басшысының сөзінше, Энергетика министрлігінде 2 жыл жұмыс істеген уақытта Әділхан бірнеше маңызды жобаны жүзеге асырған, олар әлі күнге дейін өз нәтижесін беріп келеді. Оны Apple компаниясындағы жаңа қызметіне сөзсіз лайық деп санайды.

Оған тек сәттілік пен ең жақсысын тілеймін! Біз жиі елімізде ресми Apple Store ашу мәселесін талқылайтын едік. Ортақ күш-жігерімізбен бұл мақсатқа жақын арада жетеміз деп ойлаймын, деп жазды Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бұған дейін 29 жастағы Әділхан Қопабаевтың Apple корпорациясында басшылық қызметке тағайындалғанын жазған едік

Фото: Telegram/Bagdat Mussin

Байланысты жаналықтар

TikTok АҚШ-та Google мен Apple дүкендерінен жойылады

14.12.2024

2,7 млн теңге пара алған «Алматы тазалық» басшысы 81 млн теңге айыппұл арқалады (ВИДЕО)

31.07.2024

Тоқаев «Астана» қаржы орталығының басшысы Бектұровты қабылдады

31.07.2024

ХАМАС басшысы Тегеранда қаза болды

31.07.2024

Түркістанда департаменттің экс-басшысы мен сыбайластары сотталды

30.07.2024

Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы сотталды

18.07.2024
MalimBlocks
TikTok АҚШ-та Google мен Apple дүкендерінен жойылады

АҚШ соты тиісті заңды қолдады

2,7 млн теңге пара алған «Алматы тазалық» басшысы 81 млн теңге айыппұл арқалады (ВИДЕО)

«Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Тоқаев «Астана» қаржы орталығының басшысы Бектұровты қабылдады

Президент Қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді.

ХАМАС басшысы Тегеранда қаза болды

ХАМАС Еуропалық Одақ пен АҚШ-та террористік ұйым ретінде танылған.

Түркістанда департаменттің экс-басшысы мен сыбайластары сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.