Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдады

Сұлу Бөлек

  • 23.05.2025

Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдады, - деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркияда ұсталған "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға қатысты экстрадиция мәселесін түсіндірді.

Бұған дейін Талғат Арданға қатысты Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қылмыстық кодекстің "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" және "Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану" баптары бойынша қылмыс жасады деген күдікпен іздеу жариялағанын хабарлады. Оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы қолданылған. Ардан халықаралық іздеуде болған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 10 мамырда Интерполдың Ұлттық орталық бюросы арналары арқылы Арданның Түркия Республикасының аумағында ұсталғаны және Анталия қаласындағы қылмыстық-атқару мекемесіне қамалғаны туралы мәлімет түскен.

"Қазір Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы Т.Н. Арданды экстрадициялау үшін қажетті барлық құжаттар Түркия Республикасының құзырлы органдарына жолданды. Қазіргі кезде оны қайтару мәселесі түрік тарапында қаралып жатыр", – деп жауап берді Бас прокуратура Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына.

Еске салайық, 2025 жылғың 13 мамырда Қазақстан ҰҚК Анталияда "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның ұсталғанын хабарлаған болатын. Сол кезде Қазақстан Бас прокуратурасы Талғат Арданды экстрадициялау туралы сұрауды Түркия Әділет министрлігіне 2019 жылы жолдағаны айтылған.

Осыған байланысты Түркияның құзырлы органдары іздестіру шараларын жүргізген.

"Биыл ҰҚК Талғат Арданның нақты орналасқан жерін анықтап, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны Анталия қаласында ұстады. 9 мамыр күні Анталия соты оны Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады, қазір ол қамауда отыр", – деп мәлімдеді 2025 жылғы 13 мамырда Қазақстан ҰҚК.

Айта кетейік, Astana LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан осы қылмыстық іс бойынша алты жыл бойы іздеуде болған.

Фото: alrt.kz

Байланысты жаналықтар

ТМҰ бейресми саммиті: Геосаяси тұрақсыздық жағдайында ынтымақтастық қай бағытта дамиды?

22.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025
MalimBlocks
ТМҰ бейресми саммиті: Геосаяси тұрақсыздық жағдайында ынтымақтастық қай бағытта дамиды?

Мемлекет басшысы соңғы кездегі тарифке қатысты оқиғалар жаһандық сауда саясатындағы өте үлкен өзгерістерге себеп болғанына тоқталды

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды