Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Respublica партиясының мүшесі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Динара Шүкіжанова Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол ауруханаға Олжас Құспеков пен Айдарбек Ходжаназаровпен барған.
"Досымыздың халін біліп, тез сауығып кетуіне тілектес болуға келдік. Русланның жағдайы жақсарып келеді, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. Ол мықты, бәрін жеңіп шығады, ал біз жанындамыз", – деп жазды ол.
Әлеуметтік желіден
Бұған дейін не белгілі болды?
Еске салайық, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуірде кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Берденовтің өкпесі мен бүйрегіне зақым келді. Кейін оның есін жиғаны белгілі болды.
Фото: Мәжіліс отырысынан скрин
MalimBlocks
