Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген жігіт сотталды

Алайда сотталушы үкіммен келіспей отыр.

Берік Дәулетов

  • 17.07.2024

Семейде сүйген жігіті көлікпен таптап өлтірген Диана Сүлейменованың ісі бойынша сот үкім шығарды. Александр Галушкин 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 10 миллион теңге материалдық шығын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды.

Алайда сотталушы үкіммен келіспей отыр. Енді айыпталушы тарап істі қайта қарауға жолдамақ.

Оқиға былтыр 15 желтоқсанда болған. Кездесу кезінде Александр мен Диананың арасында кикілжің басталады. Сол сәтте жігіт оны тастап, үйден кетуге бел байлаған. Алайда Диана жігітін тоқтатпақ болған. Ал ішімдік ұрттаған азамат ашуға булығып, көлігінің капотында отырған сүйіктісін ұшырған күйі таптап өткен.

Диана оны құтқарды. Ішімдік ішіп жүрмеуін сұраған. Ол мас болған. Бұған құлақ аспай, көлігімен жүріп кеткен. Видеодан көрініп тұр, қызымды қатты жылдамдықпен сүйрегені. Ол оны шын жақсы көрді. Әр кезде соның қасынан табылатын, - дейді анасы Елена Котова.

Артынша, жігіттің өзі ауыр жараланған сүйіктісін ауруханаға жеткізіпті.

Денесінің сау тамтығы қалмаған Дина жансақтау бөлімінде 15 сағат жатып көз жұмды. Оның өліміне бас сүйектерінің сынуы мен ашық ми жарақаты себеп болған. Ал Александр Галушкин сотта оны қасақана өлтірмегенін айтып ақталды. Сондай-ақ өзіне қатысты қозғалған 106-бапты ауыстырып, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Диана Сүлейменованың өліміне қастысты қылмыстық іс 3 ай тергеліп, сотта 4 айға жуық қаралды. Ақыры судья күдіктіні қасақана кісі өліміне айыпты деп тапты. Сондықтан Александр Галушкинді 9 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін Галушкин Александр Владимирович кінәлі деп танылсын және 10 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелсін. Сондай-ақ 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді үкімді оқыған судья Лариса Федосова.

Бірақ айыпталушы тарап бұл үкім «тым ауыр» деп келіспеді. Олар «алға тартқан дәлел-дәйектеріміз ескерусіз қалды» дейді. Енді істі қайта қарауға жолдамақ. Ал марқұм Диананың артында 13 жасар ұлы қалған.

Фото: ona.az

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді