Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі жағдайдың қиын екенін айтты

Бірақ міндетті түрде қасына күтіп отыратын адам керек.

Сабина Асқарқызы

  • 12.01.2025

Семейде шыршаны безендіріп жатып жарақат алған мұғалімнің әйелі күйеуінің қазіргі жағдайы қалай екенін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz 

kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қуат Айтқалиев Семейдегі №49 мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 21 желтоқсанда ол орталық алаңдағы жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде құлап, жарақат алған.

Сол кезде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жағдайды жеке бақылауына алып, мұндай әрекеттердің ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңын өрескел бұзатынын айтты.

Мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға тыйым салынады. Тергеу амалдары талапқа сай жүргізіліп, осындай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылданады деп сенеміз, деді министр.

Көп ұзамай ұстаздың жарақат алуына байланысты қалалық білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев қызметінен босатылып, қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаевқа сөгіс жарияланды.

8 қаңтарда Қуат Айтқалиевтің ауруханадан шығарылғаны хабарланды. Осыған орай Kazinform агенттігінің тілшісі мұғалімнің әйелінен күйеуінің қал-жағдайын сұрап көрді.

Жұбайым шырша безендіріп жатқанда биіктен құлап, басынан ауыр жарақат алған. Қазір ауруханадан шығып, үйде жатыр. Бірақ міндетті түрде қасына күтіп отыратын адам керек. Өзім қарап отырмын, бірақ мен жұмысқа кеткенде анам қарайды, дейді Сымбат Аянқызы.   

Оның айтуынша, бүгінде тергеу амалдары әлі аяқталған жоқ.

Біз кінәлілер жазасыз қалмасын дейміз. Бәрі заң шеңберінде болсын. Тергеу аяқталып, нақты кім кінәлі екендігі белгілі болған соң оны сотқа беріп, өтемақы талап етеміз. Бірақ әзірге өтемақы сомасын айта алмаймын. Оны заңгермен бірге есептейміз, дейді Сымбат Аянқызы.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Байланысты жаналықтар

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

28.04.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025

Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

26.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025
MalimBlocks
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді