«Сотталған адам бұрынғыдай болмайды». Танымал блогер түрмедегі күйеуі туралы айтып берді
Оның айтуынша, қазір күйеуі қатты өзгеріп кеткен
Mudaraban Capital қаржы пирамидасын құрғаны үшін 5 жылға сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі, блогер Дана Есеева күйеуінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Мамыр айында Мейіржан Төребаев демалысқа шығып, отбасымен қауышқан еді. Демалыс мерзімі аяқталған соң қайта түрмеге оралды.
“Күйеуім туралы жиі сұрайды. Мен не деп айтамын?! Оның оқиғасы қоғамда резонанс тудырып еді. Қаншама қиындық көрді. Үй қамағында болды. Одан кейін тергеу изоляторында жатты. Сот шешімі шыққаннан кейін толық жазасын өтеуге кетті. Жақында заң аясында қысқамерзімді демалысқа келіп еді, халық шулап кетті. Бірақ заңда жазасын өтеп жатқан адам демалысқа үйіне келе алады. Ол да солай келді. Кейбір адамдар: “Бір кіріп, бір шығып не істеп жүр?” деп сөкті. Оны көру үшін жиі Павлодарға ұшып барамын”, – деді Дана Есеева.
Оның айтуынша, қазір күйеуі қатты өзгеріп кеткен.
“Темір тордың ар жағында отырғандар не жақсы болып келеді немесе жаман болып келеді” деген түсінік бар. Сотталған адамның бәрібір де бұрынғыша болмайтыны анық. Ол қатты өзгеріп кеткен. Табиғатынан мықты, жігерлі адам еді. Сол болмысы беки түскен. Көп ойланады. Қасында адамдарының басынан кешкен оқиғаларын естіп, анализ жасайды. Кітап оқығандай етіп айтып отырады”, – деді кәсіпкер келіншек.
Фото: instagram.com/dana_yesseyeva