Су тасқыны: Атырау облысы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысы Жылыой ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 04.04.2024

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауданның Қосшағыл ауылдық округіндегі Қарағай ауылын су алған. Төтенше жағдай министрлігі штабы Қарағай ауылы халқын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова ақпаратты растады. Ең алдымен балалар, әйелдер, науқастар және мүгедектігі бар адамдар көшіріледі.

Аудан орталығы Құлсарыдағы үш мектепте қабылдау пункті ашылған деген хабар тарады.

2021 жылғы халық санағының дерегінше, Қарағай ауылында 151 адам тұрған.

Қарағайдан қабылдау пункттеріне автобус қатынайды. Тұрғындарға жеке басын куәландыратын құжаттарды, қажет заттарды ала жүріңіздер деп айтылды, – дейді әкім орынбасары.

Бүгін әкімдік жедел штаб Құлсары мен оған жақын жатқан елді мекендердегі жағдайға байланысты отырыс өткізді деп мәлімдеді.

Әкімдік мәліметінше, аудан орталығынан 20 шақырым қашықта жолға су жайылғандықтан көлік қозғалысы шектелген.

Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор - Құлсары - Бейнеу тасжолының 103-шақырымын су басқаны себепті Құлсары - Доссор арасында көлік қозғалысы тоқтатылды, – деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Тасқынға қарсы іс-шараларға қатысып жатқандарды жанармаймен және өзге қажет заттармен қамтамасыз ету жедел штабқа жүктелді. Тасқынмен күреске нақты қанша адам жұмылдырылғаны айтылмаған.

Фото: Ақжайық

Байланысты жаналықтар

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025
MalimBlocks
Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты