Су тасқыны: Орал тұрғындары дереу қауіпсіз жерлерге көшіріледі

Бүгінде Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтаған, ал ең қауіпті деңгей 8 жарым метр саналады.

Malim Админ

  • 15.04.2024

Орал қаласындағы қауіпті аймақтардың тұрғындары дереу қауіпсіз жерлерге көшірілуі тиіс. Қала әкімдігі тұрғындарға осындай үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Себебі, мамандардың пайымына сай, Ресей Федерациясының Орынбор аумағынан алдағы 2-3 күнде үлкен көлемде су келеді. Бүгінде Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтаған, ал ең қауіпті деңгей 8 жарым метр саналады.

24.kz аймақта төтенше жағдайлар қызметі мен күштік құрылым мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын жазды.

Жалпы саны 6 жарым мыңға жуық адам мен 1 мың 400 техника тартылған. Облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Орал қалсында және облыстың 4 ауданында су тасқыны қаупіне байланысты жағдай күрделі болып отырғанын жеткізді.

Атап айтқанда, Орал қаласындағы Жайық өзені бойындағы саяжайлардың су басу қаупі жоғары. Аудандар тұрғындары шұғыл арада эвакуациялануы қажет. Судың мол көлемі кез келген уақытта жетіп, үйлерді су басуы мүмкін деген хабар тарауда. Осыған байланысты облыс орталығында эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды, - дейді БҚО әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткен.

Фото: naryntany.kz

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

03.05.2025

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

02.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025
MalimBlocks