Су тасқыны: Құлсарыдан 12 мың адам көшірілді

Су басқан Құлсары қаласынан 5-сәуірден 6-сәуір таңға дейін 12 мың адам эвакуацияланған. Оның 5 мыңы балалар.

Malim Админ

  • 06.04.2024

Тұрғындар Атырау қаласына, Теңіз вахталық елді-мекеніне және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына көшірілген.  

ТЖМ хабарлауынша, Маңғыстау облысында 83 мың адамға арналған 200 аса эвакуциялық бөлім ашылған.

Құлсарыдағы су тасқынының алдын алу үшін Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы және тағы басқа өңірлерден ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің құтқарушылары барған.

4-сәуір күні Атырау облысы, Жылыой ауданында Жем өзені тасып, аймақта Төтенше жағдай жарияланған. 5-сәуір күні Құлсары қаласын қарғын су басып қалды. Соңғы мәліметке қарағанда, қалада 2500 үй су астында қалған.

Наурыз айының соңынан бастап Қазақстанның бірнеше облысында еріген қар суы мәселесі туындады. Қазіргі таңда Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Семей облыстарында қарғын сумен күрес жүріп жатыр.

Фото: Ақ жайық