Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы 12 тәулікке қамалды

Арман Қайыпхан

  • 02.08.2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қаралды. Экс-шенеуніктің бауыры кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық соттың мәліметінше, Марат Әйтенов бұрынғы әйелін тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Оған Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылды.

Марат Әйтенов сот шешімінің негізінде сот орындаушылары жүргізген көшіру барысында жәбірленушіге, яғни бұрынғы жұбайына қатысты қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, оған көгерулер мен қанталау түрінде дене жарақатын келтірген. Сотталушының кінәсі оқиға орнының жазбасымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді,-делінген мәліметте.

Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізген.  

Сот үкімімен Марат Әйтенов 12 тәулік мерзімге қамаққа алынды. Үкім күшіне енген жоқ. 

 

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы әйелі мен балаларын үйден қуған Марат Әйтенов Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 73 - бабының 1-бөлігімен қамаққа алынған болатын.

Байланысты жаналықтар

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

16.11.2024

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

13.11.2024

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

12.11.2024

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

12.11.2024

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

12.11.2024

LRT экс-басшысы Талғат Арданға қатысты үкім шықты

12.11.2024
MalimBlocks
Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Оған қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді

LRT экс-басшысы Талғат Арданға қатысты үкім шықты

4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды