Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты

Шара барысында есірткі жарнамаларын анықтап жою бойынша жұмыстар атқарылды

Мадина Қайнарова

  • 27.09.2024

Шымкентте полиция департаменті қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» науқанын өткізді.

​Бұл іс-шараға 2,5 мыңға жуық адам қатысып отыр. Оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура, қала жастары, аудан әкімдіктеріне қарасты коммуналдық мекеме жұмысшылары, нарколог-дәрігерлер, спортшылар, еріктілер мен партия өкілдері де бар.

«Астана» алаңында арнайы жиналған қатысушыларға іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын жеткізіліп, нұсқамалар берілді.

​Шара барысында есірткі жарнамаларын анықтап жою бойынша жұмыстар атқарылды. Көшеаралық, аулааралық қарау жүргізіліп, тұрғындарға есірткі қылмыстарын жасағаны үшін заңды жауапкершілікті ескерту, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара қорытындысымен 2332 граффити бояу түріндегі есірткі жарнамаларының, олардың интернет желісіндегі сілтемелерінің атаулары жойылды.

Полиция қызметкерлері мен белсенді жастардың қырағылығының арқасында есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтар да анықталды. Мәселен, Қаратау және Тұран аудандарын аралау жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті тұрғындардан есірткіге ұқсас заттар табылып, оны полиция қызметкерлері тәркілеп алды.

​Сонымен қатар  іс-шарада интернет-алаяқтықты ескерту мақсатында арнайы жадынамалар таратылды. Тұрғындармен кері байланысты нығайтып, құқық бұзушылықтың кез-келген түріне «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру мен қоғам арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас орнату бағытында жұмыстар атқарылды. Полицейлер қала аумағында есірткіге қарсы жұмыстарды өткізу мен оған тиімді тосқауыл қою бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Байланысты жаналықтар

Астанада 34 келіге жуық марихуана тәркіленді (ВИДЕО)

28.09.2024

Шымкентте құны 25 млрд. теңгеден асатын инвестициялық жоба жүзеге асырылды

27.09.2024

Жамбыл облысында көлік жолаушысы 12 келі есірткімен ұсталды

26.09.2024

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

26.09.2024

Шымкент полициясының жаңа бастығы тағайындалды

23.09.2024

Шымкентте пойыз қаққан адам сол жерде қайтыс болды

22.09.2024
MalimBlocks
Астанада 34 келіге жуық марихуана тәркіленді (ВИДЕО)

Оны 54 жастағы ер адам сақтаған

Шымкентте құны 25 млрд. теңгеден асатын инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Жамбыл облысында көлік жолаушысы 12 келі есірткімен ұсталды

Тәркіленген есірткі заттарының қара нарықтағы құны - 7 млн теңге

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

Открытие завода обеспечит отечественный рынок высококачественными строительными материалами, такими как керамическая плитка.

Шымкент полициясының жаңа бастығы тағайындалды

Шымкентте пойыз қаққан адам сол жерде қайтыс болды

Ол теміржолдан рұқсат етілмеген жерде өткен