Шымкентте бір күнде 60 жұп шаңырақ көтерді

Тамыздың 8-інші жұлдызында отбасын құру дәстүрге айналған.

Сабина Асқарқызы

  • 09.08.2024

Шымкентте ерекше дата – 8 тамызда неке қиған жұптар саны рекорд орнатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Тамыздың 8-інші жұлдызында отбасын құру дәстүрге айналған. Биыл Шымкентте жұп болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті.

"Жылдағыдай дәстүр биыл да жалғасты. 8 тамыз күні қалалық АХАЖ-да неке қиюшылар саны күрт артты. Жалпы, жыл басынан бері 7 525 жұп шаңырақ көтерді. Қала тұрғындары негізінен ерекше даталар мен мереке күндерін таңдауға тырысады. Осылайша биылғы 8 тамызда АХАТ бөлімінде 60 жұптың некесі тіркелді. Жас жұбайлардың өздері неке қиюды жүректерімен таңдағандарын, ал бұл ерекше дата жай ғана естелік үшін ұнағандарын айтады", – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

8 тамыз күнгі некелесу рәсімі биыл маусым айында ашылған жаңа салтанат залында өтті.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары мемлекеттік корпорацияға берілді. Некені тіркеу туралы өтінішті АХАТ бөліміне 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ, электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы өтініш беруге де болады. Салтанатты рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сонымен қатар, неке қиюды салтанатты түрде рәсімдеуді көрсетілген орынға барып тіркеу қызметі де қарастырылған.

Фото: astanatv.kz

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен