Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте өз анасын ұрған полицей қызметінен қуылды

Қоғам
Шымкентте өз анасын ұрған полицей қызметінен қуылды

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде полиция подполковнигі өз анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында болған.

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған. 

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды. 

Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды, - делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу